Шымкент хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентке алматылық хайуанаттар бағынан жануарлар әкелінді.

«Қазіргі кезде жаңа тұрғындарымыз әлі карантинде. Оларды вольерлерге орналастырмас бұрын, біз оларды бақылай тұруымыз керек», - деп баяндады хайуанаттар бағы директорының орынбасары Латифша Әлиев.

Шымкентке Қызыл кітапқа енгізілген орикстар, тау қаздары, қырғауылдың екі түрі, декоративтік ешкілер, таутайлақтар мен солтүстікамерикалық каролинка әкелінді. Хайуанаттар бағында айтқандай, Қызыл кітапқа енгізілген орикстар жұбы Шымкентке сыйлыққа берілді. Қалғандары сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар