Шымкент футболшылары «Барселонамен» күш сынасады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңі өтеді. Жергілікті «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы испаниялық «Барселона» командасының аруларымен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тартысты ойын 12 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында (БИІК-Тассай) өткізілмек. 

Еске сала кетсек, 2015-2016 жылғы маусымда да шымкенттік арулардың жолы каталондық футболшылармен түйіскен болатын. Шымкентте өткен алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең түссе, Испаниядағы қарымта кездесуде «Барселона» 4:1 есебімен басымдық танытқан еді.  

Соңғы жаңалықтар