Шымкент дүкендерінде 10 «әлеуметтік бұрыш» ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 10 дүкеннен қосымша бұрыштар ашылады., деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

«Біз нарықтық экономикадағы бағаны бақылауда ұстау үшін тұрақтандыру қорына 4,7 млрд теңге бөлдік. Сол ақшаға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік алып, тиісті әлеуметтік дүкендерге қолжетімді бағамен ұсынып отырмыз. Біздегі «ГраМад», «Магнум», «Фиркан» сияқты ірі желілік дүкендердің бәрінде әлеуметтік азық-түлік бұрыштары бар. Сол жерден алуға болады», - дейді Мұрат Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, Шымкент қаласы азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша 11 орында.

«Біздегі әр ауданда биыл тағы 10 дүкеннен әлеуметтік бұрыш ашып жатырмыз. Екеуін аштық, қалғанын жылдың аяғына дейін ашамыз. Мемлекет басшысының «Егістен-сөреге» дейтін тапсырмасы бойынша төрт ауданда аптасына екі рет жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Өзге қалалармен салыстырғанда, азық-түлік бағасының көрсеткіші бойынша 11 орында тұрмыз. Бағаны өсімі соншалықты үлкен емес», - деді шаһар басшысы.

Соңғы жаңалықтар