«Shymkent Development 2018» халықаралық инвестфорумына 20 елдің делегаттары қатысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Қазақстанның үшінші мегаполисі Шымкентте алғашқы «Shymkent Development 2018» халықаралық инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды Қаз Ақпарат. 

Форум алаңына саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, ірі корпорациялар мен қаржы институттарының басшылары жиналды.

Алқалы жиынға әлемнің 20 мемлекетінен 100-ден астам ал, қазақстандық 300 делегат қатысты. Оның ішінде 25 адам спикер ретінде тіркелген. 

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаланың экономикалық мүмкіндіктері мен болашақта қолға алынатын жобалар туралы баяндады Сондай-ақ «Copenhagenize Design Co» компаниясының бас директоры, Копенгаген қаласының экс-мэрі Мортен Кэйблл, белгілі ресейлік урбанист, «Адамдарға арналған қала» жобасының авторы Аркадий Гершман, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун, Шығыс Европа бойынша өңірлік директоры Николас Нитос және басқалар сөз сөйледі.
null 

Инвестициялық форумда 200 млн АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды.

Шетелдік компаниялар қалада микрофибра өндіретін тоқыма фабрикасының құрылысын  салу және қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту,  Шымкент-сити аумағында тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттың және жаңа саябақтың құрылысын салу сынды бірқатар ірі жобаларға инвестиция салуға ниетті.
null 

Ең бірінші құны 13 млн АҚШ долларын құрайтын қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту жобасы бойынша қала әкімі Ғ. Әбдірахымов пен «Hyundai Trans Auto»  ЖШС-нің директоры В. Вяткин және «MAYDAY KAZKHSTAN» ЖШС-нің төрағасы А.Хидаят арасында үш жақты әріптестік меморандумы түзілді.

Бұдан бөлек, әкім «Colosseo» компаниясының президенті Ян Енчамен құны 40 млн АҚШ доллары болатын Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары бойынша келісімге қол қойды.

Айта кетейік, осы жылы қалаға 524 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.

null 

Соңғы жаңалықтар