+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Шымкент денсаулық сақтау басқармасы тыныс алу аппаратының біреуін 21 млн теңгеге сатып алған

2020 жылғы 18 қыркүйек 15:23
Бөлісіңіз:
Шымкент денсаулық сақтау басқармасы тыныс алу аппаратының біреуін 21 млн теңгеге сатып алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері тиімсіз жоспарланған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жұмысты Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бастады. Челленджді БҚО және Ақтөбе облысы бойынша бөлімшелер жалғастырды. Бүгінде мәслихат шешімі арқылы бюджетке 755 млн теңге қайтарылды. Бұл - белгіленген ұтымсыз шығындардың жалпы көлемінің 10%», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Агенттіктің өкілі өз сөзінде медициналық керек-жарақты қалыптан тыс қымбатқа сатып алу мысалдарын атады.

«Пандемия кезінде медициналық жабдықтар мен бұйымдарды сатып алу мәселесі ерекше бақылауға алынды. Мысалы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Ресейде шығарылған «Авента-М» (12) өкпені жасанды желдету аппаратының біреуін 21 млн теңгеден астам бағамен сатып алған. Осы кезеңде демеушілік көмек ретінде Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасы осы тыныс алу аппараттарын 3 млн теңгеге арзан сатып алды. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының сатып алу көлемін ескере отырып, медициналық жабдықтар құнының артуы мемлекетке 40 млн теңгеден астам шығын әкелді. Бұл ретте ашық қайнаркөздер деректері бойынша Ресейдегі пандемия кезінде «Авент-М» құны 2 есе арзан болды. Бұл - шамамен 10,3 млн теңге», - дейді ол.

Бұдан басқа тыныс алу аппаратын қолдануға өндіріс елі санкция енгізгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында да тоқтатқан.

«Сол секілді Атырау облысы осындай факт анықтады. Сондай-ақ, әр түрлі өңірлердегі медициналық мекемелер үшін америкада өндірілген тыныс алу (V8600) аппаратын бір жеткізушінің («Qazmed Leasing» ЖШС) 8 млн теңгеге дейінгі бағамен сатқан фактілері анықталды. Қостанай облыстық ауруханасы үшін аппарат 17,5 млн теңгеге, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы үшін – 19 млн теңгеге, Шымкент қаласының медициналық орталықтары үшін – 22 млн теңгеден астам шығынға ұшырады. Ал қазір ол 14 млн теңге бағасымен сатылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұраухатына сәйкес, көрсетілген фактілер бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары тексерулер жүргізуде. Нәтиже бойынша процестік шешімдер қабылданады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT