Шымкент дендросаябағы аумағының қысқаратыны туралы ақпарат жалған - әкімдік

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Әлеуметтік желіде Шымкенттегі дендросаябақтың жері элиталы коттедж құрылысы үшін жеке кәсіпкерлерге сатылып жатқандығы туралы ақпарат тарауда. Жергілікті әкімдік аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дендросаябақ аумағынан жеке тұлғаларға құрылыс жүргізу үшін бір тұтам да жер берілген жоқ. Бұған тиісті мемлекеттік құрылымдарға жүгіне отырып көз жеткізуге әбден болады», - делінген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы таратқан хабарламада.

А.Асқаров атындағы дендросаябақ директорының орынбасары Н.Сахановтың мәліметі бойынша, дендросаябақ бүгінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып есептеледі және қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының ведомствалық бағынысында. Оның аумағы 117,0400 гектарды құрайды.

Бұл 2019 жылы да, 2020 жылы да, 2021 жылы да 117 гектар болған. 2022 жылы да сол қалпында өзгеріссіз қалып отыр.


Соңғы жаңалықтар