+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Шымкент дәрігерлері инсульт алған қарияға тіліксіз ота жасады

2020 жылғы 14 қыркүйек 04:13
Бөлісіңіз:
Шымкент дәрігерлері инсульт алған қарияға тіліксіз ота жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дәрігерлер инсульт алған қарт кісіге тіліксіз ота жасады. Ес-түссіз халде ауруханаға жеткізілген 87 жастағы қарияның ұйқы артериясы мазалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, егде жастағы науқас қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер оны толық тексеріп, шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдаған. Өйткені қарияда оң жақ ішкі ұйқы артериясы сағасының 90%-на дейін гетерогенді, симптомды тарылуы анықталған.

Пациенттің клиникасын ескерген дәрігерлер жабық отаны бас миына қан жеткізетін маңызды тамырға жасаған. Бұл операция кезінде хирургтар аппараттың көмегімен мойын тамырына пышақ тигізбей, микроқұрылғы арқылы хирургиялық ем жүргізген. Операциядан кейінгі кезеңде науқас есін жинап, жағдайы жақсарған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта зейнеткердің өміріне келер қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті емін жалғастыруда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT