Шымкент дәмханасындағы төбелестен 2 адам пышақ жарақатын алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент дәмханаларының бірінде төбелес болып, екі адам пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 қаңтар күні болған. Патрульдық полиция қызметкерлері дәмханада төбелеске қатысушылардың бірін ұстаған. Ол қоғамдық орында шыққан жанжал кезінде екі адамға пышақ жарақатын салған деп күдіктелуде.

«Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабы «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар