Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 361.94 EUR 423.25
RUB 5.40 CNY 52.82
Жаңалықтар

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі - ҚР ІІМ

2018 жылғы 13 шілде 14:16 2491
Бөлісіңіз:
Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Расул Жұмалы 20 ғасырдағы және қазіргі әдебиеттің айырмашылығын атады Жапонияның Гои қорына «Алтын адамның» дәлме-дәл көшірмесі сыйға тартылды

«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланды. Ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң - 24 шілдеде күшіне енеді.

«Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», - дейді комитет өкілдері.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат