Шымкент әуежайынан жаңа халықаралық рейстер ашылады

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Шымкенттен тікелей ұшатын Халықаралық рейстер саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда Шымкенттен тікелей Дубай, Ыстанбұл, Пхукет, Медина қалаларына ұшуға болады. Ал жақын күндері Кутаиси бағыты қайта жаңарып, Душанбе мен Анкараға жаңа бағыттар ашылмақ.

Келуші туристер мен тұрғындар үшін қалада оқиғалы іс-шаралар туризміне кеңірек көңіл бөлінбек. Мәселен, Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы тарапынан биыл көктемде «Менің гүлді аулам», «ДәмДәсTour», «Mobilography Fest» іс-шаралары ұйымдастырылады. Әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында өтетін «ДәмДәсTour» ресторандар жәрмеңкесіне арнайы келушілер саны көп болады деп күтілуде.

Жалпы, өткен жылы Алматы, Астана және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдер мен қалалардан іскерлік, жеке және кәсіптік мақсатта Шымкентке келушілер саны басым болған. Аталған басқарма биыл туристер санын 400 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар