Шымкент әскери гарнизоны сотына жаңадан төраға тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әскери гарнизоны сотына жаңадан төраға тағайындалды. Бүгін ҚР Әскери сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Ахметжанов ұжымға жаңа сот төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің Жарлығымен Шымкент әскери гарнизоны сотының төрағасын қызметін  Берік Кәрім атқаратын болды. Жаңа төрағаны сот ұжымына таныстырған Ербол Ахметжанов оған сот төрелігін жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Берік Сейітжанұлы 1976 жылы Шымкент қаласында туған. Қарағандыдағы ІІМ-нің жоғарғы мектебін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылдан құқық қорғау органдарында тергеу саласында бастаған.

Сот жүйесіндегі қызметін 2007 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы болып бастаған. 2013 жылдан 2018 жылдың 9 қазанына дейін Төле би аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Соңғы жаңалықтар