«Шымкент аруы - 2017» байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстігінде «Шымкент аруы - 2017» ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған сұлулар сайысына 16-21 жас аралығындағы 18 бойжеткен қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараны танымал актер Тәуекел Мүслім мен тележүргізуші Ирина Тен жүргізді. Байқауға арулар бір айдан астам уақыт дайындық жасап, бірнеше сыннан өтті. Ақылына көркі сай екенін дәлелдеп, сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздар таңдап алынды.

Қазылар алқасы қатысушылардың арасынан оңтүстіктің нағыз хас сұлуы, оңтүстікке лайықты аруды таңдауға тырысты. Олардың шешімімен «Шымкент аруы - 2017» байқауының жеңімпазы болып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Айғаным Ниязбек атанды.

Ол бұған дейін де бірнеше байқауларға қатысып келіпті. Соңғы рет «Face of Central Asia 2017» байқауының жеңімпазы атанған. Шымкент аруы бұл жолы 150 мың теңге көлемінде жүлде қорын иемденіп, келер жылы көктемде Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар