Шымкент әлемдік «Жасыл қалалар» жобасына енді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондонға сапармен барып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің штаб-пәтерінде болды. Шаһар басшысы әлемдік «Жасыл қалалар» жобасына ену туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша Шымкент жетекші «Жасыл» бағдарлама жүзеге асырылатын Қазақстандағы алғашқы және әлемдегі 31-қала атанып отыр.

Қол қойылған меморандум қаланы жарықтандыру және жаңа кәріз тазарту жүйелерін іске қосып, қаржыландыруға мүмкіндік береді. Шымкентте энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында заманауи экологиялық жобаларды енгізу белсенді жүзеге асырылады»,- деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, болашақ жобалардың құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Әлемдік «Жасыл қалалар» жобасы Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) бағдарламаларының негізгі тетігі саналады. Жоба қалалардың тұрақты дамуындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі. Бұған қоса жоба аясында экологиялық проблемаларды – ауаның ластануы, жерді пайдалану, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері, қалдықтарды залалсыздандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, су ресурстарын пайдалану мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған. Әлемдік тәжірибеде «Жасыл қала» мәртебесі халықаралық қаржы ұйымдарының назарын аударып, жобаларды жүзеге асыруға инвестициялық мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Жасыл қала» бағдарламасы Киев, Львов, Минск, Белград, Бішкек, Мариупол, Сараево, Ереван, Тбилиси және тағы да басқа қалаларда жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар