Шымкент әкіміне әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жаңа жобаны қолға алды.  «Әкімге сұрақ қой» бірегей жобасына сәйкес тұрғындар бір ай көлемінде жексенбі күндері сауал қоя алады. Ал осы демалыс күні  әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысына түскен сауалдар негізінен қоғамдық көліктердің кешігуі, шағын аудандардағы жол мәселесі жайын қамтыған. Сонымен қатар, Ташкент бағытындағы көпір туралы қызықты сауалдар да кездеседі. Қала тұрғыны көлік кептелісі жиі болатын осы маңға бір көпірдің аздық ететінін айтып, жаңа көпір салуын сұраған.

Сауалдарға нақты жауаптар бір апта ішінде əкімдіктің əлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады. Қала басшысы Нұрлан Сауранбаев сондай-ақ бұл мәселелерге баса назар аударып, көрсетілген  нысандарды араламақ.

Соңғы жаңалықтар