Шымкент әкімі кондукторларға аялдамаларда айғайлап тұруға тыйым салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте қоғамдық көліктердің билет тексерушілеріне автобустың қозғалыс бағытын аялдамаларда сыртқа шығып, айғайлап хабарлауға тыйым салынды.

Бұл мәселені қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар өкілдерімен болған кездесуде көтерді. Содан бері бір апта өтті, бірақ Шымкентте айғайлайтын кондукторлар азайған жоқ, деп жазады Оtyrar.kz.

«Өз жүргізушілеріңмен, кондукторлармен сөйлесіңіздер, айғайлауды доғарсын. Бұл масқара емес пе!», - деген болатын Шымкент әкімі.

Айғайлағыш кондукторларға қатысты әкімнің пікірімен Шымкенттің барлық дерлік тұрғыны мен қонақтары келіспейді. Кейбір азаматтардың айтуынша, автобустың қозғалысын айғайлап айтып тұру - ыңғайлы. Өзге шымкенттіктер аялдамалардағы айғайдан мезі болғандарын жеткізуде.

Әкімдік өкілдері мәлім еткендей, олар тасымалдаушыларға тағы аздаған уақыт беруге дайын. Ал кейін, талаптар бұзылған жағдайда, соның ішінде аялдамаларда бағыттарды айғайлап айтқандары үшін билет тексерушілермен қоса жүргізушілер де жұмыстарынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар