Шымкент әкімі «Disneyland» қай жерде салынатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Disneyland» ойын-сауық бағының қай жерде салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Диснейленд бойынша орын белгіленді. Балаларға арналған ойын-сауық бағы Бадам өзенінің жағасында салынады. Жоба құны – 20 млрд теңге. Сингапурдан келген инвесторлармен кездестік. Олар қазір істі бірлесе жүзеге асыратын инвесторларды іздестіріп жатыр. Келесі жылы мәселені толық шешеміз деген ойдамыз», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін қала басшысы әртүрлі салада қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, қоғамдық көліктер 600-ге жуық жаңа автобуспен толығып, алдағы үш жылда 10 мектеп салынады.

Сондай-ақ, шымкенттік компания тоқыма өнімдерін Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар