+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Шымкент әкімдігі ішкі аудит қызметінің басшысы сотталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 09:38
Бөлісіңіз:
Шымкент әкімдігі ішкі аудит қызметінің басшысы сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы әкімдігі ішкі аудит қызметінің басшысы алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сот төрағасы пара алды деген күдікке ілінді БҚО-да білім бөлімінің басшысы сотталды Түрмедегі қылмыскерге жайлы жағдайын жасаған майор шенінен айырылды

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі аудит қызметінің басшысы А. Сламовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.

А. Сламов 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК-да жүргізілген аудиторлық тексерудің оң шешімін қабылдағаны үшін осы колледждің директорынан 1 млн 200 мың теңгені алдау арқылы иемденді деп күдіктелген.

2019 жылдың 11 желтоқсанында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен А.Сламов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айырылды. Және оған 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT