Шымкент әкімдігі инновациялық жобаларға байқау жариялады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі инновациялық жобаларға байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау барысында келесі бағыттағы жобалар қаралады: «Қауіпсіздік», «Көлік», «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «ТҮКШ», «Әртүрлі».

Бұл - іріктеу кезеңі. Содан кейін комиссия мүшелері финалға қатысатын үздік 3 жобаны таңдайды.

«Жобаның өзектілігі, техникалық шешімнің сапасы, сондай-ақ халықаралық техникалық стандартқа сәйкестігі және әзірлеуші компанияда қажетті ресурстардың болуына қарап, комиссия шешім шығарады» делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тіркеу аяқталған соң, барлық қатысушының тізімі мен жобаларды dday.kz ресми сайтынан көруге болады.

Соңғы жаңалықтар