Шымбұлақтағы өрт сөндірілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы рестобардан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 29 қаңтар күні сағат 5:30-да 101 пультіне Медеу ауданындағы тауда орналасқан мейрамхана иесінен (биіктігі 3200м, «Шымбұлақ» ТШК артқы жағындағы) мейрамхананың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру техникасын биіктікке көтеру мүмкін болмағандықтан, жеке құрам фуникулёрмен көтерілді. Өртті сөндіру жұмыстары объектілік сумен жабдықтау арқылы жүзеге асырылды.

Өрт сағат 08.05-те оқшауланып, сағат 08.30-да сөндірілді.


Өртті сөндіруге күштер мен құралдардың жетіспеушілігінің объективті себептеріне байланысты негізгі күштер оттың көрші объектілерге таралуына жол бермеуге бағытталды.

Қабылданған шаралардың арқасында «Шымбұлақ» ТШК гондольды жолына оттың таралуына жол берілмеді.


Өртті жою суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісінен жүргізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматыда Шымбұлақ таң-шаңғы курортындағы мейрамханадан өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар