Шымбұлақта жауған қардың қалыңдығы 45 см-ге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында қар аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы таратқан хабарламаға қарағанда, қалада табиғаттың тосын мінезінен Шымбұлақ аумағында жауған қардың қалыңдығы 45 см-ге дейін жетсе, қалада 15 см құрады.

Коммуналдық қызметтер қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдарды себе бастады. Қар жауған кезде 1600 тонна мұзды ерітетін материалдар пайдаланылды», - делінген басқарманың хабарламасында.

Басқарманың мәлімдеуінше, қаланың жоғарғы бөлігінде қарды шығару жұмыстары ұйымдастырылды. 3 наурыз күнгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1400 текше метр қар шығарылған.

Қар тазалау жұмыстарына түнгі уақытта 407 бірлік арнайы техника, 805 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Күндізгі уақытта қарды тазалау жұмыстарына 606 бірлік арнайы техника және 1280 жол жұмысшысы шықты. Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Фото: shimbulak.kz

Соңғы жаңалықтар