«Шымбұлақта» турист қызды тас басып қалды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда «Физкультурник» шыңына шықпақ болған туристке тас құлап кеткен. Оқиға «Шымбұлақ» шаңғы базасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тауының бөктерінде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай альпиниада өткен. Альпинистер 8 маусым күні таңғы 5-те «Шымбұлақ» шаңғы базасынан Физкультурник шыңына қарай бағыт алған. Қатысушының бірінің айтуынша Физкультурник шыңына барар жолда тастар төменге құлдырай бастаған. Оқиға кезінде турист қызды  тас басып қалып, аяғын сындырып алған. 

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше,  құтқарушылар турист қызды тікұшақпен алып шыққан. Құтқару жұмыстарына Алматы әкімдігінің құтқарушылар отрядының қызметкерлері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар