Шымбұлақта шаңғы тебу маусымы қашан ашылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қараша күні биік таулы курортта қысқы маусым ресми түрде ашылады. Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған», - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін 17-19 наурыз күндері фристайл-могул мен фристайл-акробатика бойынша әлем кубогінің финалдық кезеңі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтетіні туралы жазған едік.

Еске салайық, арнайы дайындықтан өткен полицейлер «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.


Соңғы жаңалықтар