Шымбұлақта даунхил парк ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жаз мезгілінде велоспорт маусымын ашты. Мұнда тұңғыш рет велосипедпен таудан құлдилау - кәсіби даунхил байк трассасы пайдалануға берілді.

«Тас жол екі жыл салынды. Жоба әлемдік стандарттарды ескере отырып сызылды. Ұзындығы 2700 метр болатын тас жолда жасанды кедергілер, трамплиндер, шұғыл бұрылыстар бар. Мұндай трассада әлемдік чемпионат та өткізуге болады. Бұл - кәсіби спортшылардың шеберлігін шыңдауға таптырмайтын алаң. Олар өздерінің жетістігін халықаралық жарыстарда да дәлелдей алады», - деді жобалаушы Жомарт Құмақбаев.

Алғашқы жарыстар тамыздың басында өткізіледі. Жыл соңына қарай мұнда даунхилден Қазақстан чемпионаты мен кубогы өткізілмек.

Әзірге таулы-тасты жолды тек кәсіби спортшылар бағындырып жүр.

Алайда, тамыздың соңына дейін тәжірибесі аздау байкерлерге арнап жаңа жолдар салынады.

Курорт басшылығы жаңадан бастаған райдерлерге арнап арнайы мектеп ашуды да жоспарлап отыр.

Трасса таңертеңгі 10-нан кешкі 5-ке дейін ашық. 4 сағат серуеннің құны 4500 теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар