«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында «Серебряный Эдельвейс» жарысы өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында Халықаралық шаңғы федерациясының «Серебряный Эдельвейс» жарысы өтіп жатыр.

Спорттық шарада 70-ке жуық спортшы бақ сынауда. Олардың ішінде 10 спортшы Украина мен Өзбекстаннан келді. Шараның ашылу салтанатына Сочиде өткен Қысқы Олимпиаданың қатысушылары - Закурдаев Игорь пен Кошкин Дмитрий қатысты. Бүгін шаңғы спортының таудан құлдилау - слалом түрлері бойынша ерлер мен әйелдер арасында жарыс өтуде.

«Халықаралық шаңғы федерациясының бұл жарысты ұйымдастырудағы мақсаты - 2017 жылы өтетін Универсиада қарсаңында қаланың инфрақұрылымын, сервистік қызмет көрсетудегі дайындық деңгейін тексеру болып отыр. FISU ұйымы өкілдері Алматы қаласының халықаралық турнирлерді өткізуге дайындығы өте жоғары екендігін айтып отыр», - деді «Универсиада Алматы-2017» МҚ атқарушы дирекциясы баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Түсіпов.

Соңғы жаңалықтар