Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Шымбұлақ тау курортының қонақтары! Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ ТК өз қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады.Бірақ біз көңілімізді түсірмейміз, сізді 12 сәуірден кейін тау баурайнда көреміз деп үміттенеміз», - деп жазды курорттың әкімшілігі Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.

Қаулыға сәйкес, ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілгені белгілі болды.

Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар