Шымбұлақ ресейліктер жиі баратын курорттар арасында көш бастап тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымбұлақ ресейліктер жиі баратын ТМД елдері арасындағы тау-шаңғы курорттарының арасында көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздіктер ондығына Шығыс Қазақстандағы Алтай Альпісі демалыс базасы да кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТурСтат талдау агенттігі 2018/19 жылдың қыс мезгілінде ресейлік туристер арасында ең танымал Таяу Шығыс және ТМД елдеріндегі тау-шаңғы демалыс орындарының тізімін жариялады. Ресейліктер 2019 жылдың қысында Таяу Шығыс және ТМД елдеріндегі тау-шаңғы курорттарында орта есеппен 7 күн демалысын өткізуді жоспарлайды. Шымбұлақтағы туристік бюджет тәулігіне 100 доллардан төмен болады. Бұдан арзаны тек Беларусьтегі Логойск мен Силичи тау-шаңғы орталықтары ғана. Бәрінен қымбаты - Әзербайжандағы Шахдаг және Туфандаг курорттары болып шықты.

Рейтинг 2018-2019 жылғы қыс маусымындағы туристік сапарлар талдауы негізінде жасалды.

ТМД елдері тау-шаңғы курорттарынан құралған ТОП-10:

  

1.     Шымбұлақ, Қазақстан

2.      Гудаури, Грузия

3.      Шахдаг, Әзербайжан

4.      Силичи, Беларусь

5.      Цахкадзор, Армения

6.      Шымған, Өзбекстан

7.      Қаракөл, Қырғызстан

8.      Логойск, Беларусь

9.      Туфандаг, Әзербайжан

10.  Алтай Альпісі, Қазақстан

фото: ticketon.kz

Соңғы жаңалықтар