«Шымбұлақ» курортының ең биік нүктесінде визит-орталық іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең биік нүктесінде визит-орталық іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында туристік мақсаттағы бірқатар нысандарды аралап, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысымен танысты.

Атап айтқанда, «Медеу» базалық станциясындағы және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең жоғары нүктесіндегі визит-орталық пен «Tenir Eco Hotel» глэмпингтік аймағының құрылыс алаңында болды.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді қалада туризм саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Биыл жеке қаражат есебінен қаланың негізгі көрікті жерлерінде 2 визит-орталық салынды және «Tenir Eco Hotel» глэмпинг аймағының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда.

Үш жоба бойынша тартылатын жеке инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

Вице-премьер визит-орталықтардың қызметімен танысты. Бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең биік нүктесінде 3200 м. визит-орталық іске қосылды. Визит-орталықта курорт туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, келушілер кәдесый мен «Шымбұлақ» лейблі бар фирмалық киімді сатып ала алады. Тауға жаяу жорық, қарда жүру, парапланмен ұшу сияқты ақылы қызметтер бар.

«Шымбұлақ» ТШК-ның бас директоры Ринат Абдрахманов «Медеу» базалық станциясында желтоқсан айының басынан бастап «Денсаулық соқпағы» бастауы, барлық жастағы қонақтар үшін экотуризм саласындағы ақысыз білім беру жобасы болу үшін визит орталығы іске қосылғанын айтты.

Ол Медеу арқан жолының станциясында орналасқан және туристік ақпараттық орталықты, «оқиға офисін» және жайлы фуд-кортты қамтиды.

Сондай-ақ желтоқсан айының соңына дейін «Tenir Eco Hotel»глэмпингтік аймағынан Іле Алатауы шыңдарының панорамалық көрінісі ашылады. «Tenir Eco Hotel» глэмпинг аймағы жобасының инвесторы Владимир Сарыбеков іске асырылып жатқан эко-үйлер толығымен қазақстандық зауыттарда жиналғанын, рециркуляциялық тазарту жүйесімен жабдықталғанын, бұл экологияны сақтау үшін маңызды екенін атап өтті.

Вице-премьерге, сондай–ақ, курорт аумағында Қазақстандағы ең ірі тау шаңғысы мектебі – «Шымбұлақ» тау шаңғысы және сноуборд мектебі жұмыс істейтіндігі баяндалды. Жыл сайын мектепте тау шаңғысы мен сноубордтан 10 000-нан астам сабақтар өткізіледі, оқушы саны 15 000 –нан асады.

Нысандарды аралау нәтижесі бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов туризм мегаполистің экономикалық дамуының драйвері болуға лайықты екенін атап өтті.


Қонақ үйлер, тау шаңғысы кешені, мейрамханалар, дәмханалар, хостелдер және әртүрлі бағыттағы демалыс орталықтары орналасқан курорттың барлық маусымда да қызмет ететінін ескере отырып, емдік-сауықтыру туризмін дамытуға да ерекше назар аударылуы қажет.

Әсіресе, пандемия жағдайында қала тұрғындары мен қонақтары оңалудан кейінгі кезеңде де, ағзаның иммундық жүйесінің профилактикасы мен нығайтуы үшін де тауларға келе алуына барлық жағдайлар жасалуы қажет.


Соңғы жаңалықтар