«Шымбұлақ» курортында бағалар өзгермейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жақында 2015-2016 жылдың маусымын ашады. Биылғы маусымның басты ерекшелігі бағалар еш өзгермейді.

«Әлемдік күрделі ахуалдан туындаған дағдарыс бізге де ықпалын тигізбей отырған жоқ. Сонда да біз тарифтер мен жеңілдік жүйесін бұрынғы дәрежеде сақтап қалуды ұйғардық», - деді курорттың бас директоры Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, тау бөктерін тегістеу бойынша жазда бірқатар жұмыс жүргізілді.

Шаңғы спортсүйер қауымы үшін керемет жаңалық қара және жасыл трасса ашылды. Қара трасса кәсіби мамандарға арналған. Ал жасыл трассада жаңадан бастап жатқан шаңғышылар сырғанай алады.

Сондай-ақ, «Chimba Supernatural Park» фристайл паркі ашылды. Оның құрылысы шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйеніп жасалды. Атап айтқанда, Британдық Колумбиядағы «Baldface Lodge» курортының құрылыс негізге алынды.

Сондай-ақ, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының кассасындағы ұзын-сонар кезектен құтылу үшін екі Медеу шатқалының стансасында TVM (Ticket Vending Machine) автоматтары орнатылды. «Есентай Мол» сауда үйінде де сатылым нүктесі ашылды.

Курорттың реми сайтында инструктормен дайындалуға кезекке қоятын арнайы қызмет ашылды. Курорттағы шаңғы, өзге де спорттық киімдердің бағасы да бұрынғыдай қалады.

«Шымбұлақ» ТШК Shymbulak Ski Club» аясында жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығуға ниетті.

Соңғы жаңалықтар