Шымбұлақ ең танымал курорттар көшін бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТурСтат талдау агенттігі қыста тынығуға ыңғайлы ТМД-дағы ең танымал тау курорттарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг 2017 - 2018 жылдардың қыс маусымында туристердің алдын ала онлайн-брондау жүйесі деректерін талдау нәтижесі бойынша ұсынылды.

Шымбұлақ ТМД елдері ішінде қысқы демалыс үшін ең танымал, үздік орынға ие болды.

Рейтинг бойынша ТМД-дағы ең танымал 10 тау курорты мыналар:

1.         Шымбұлақ, Қазақстан

2.         Шахдаг, Әзербайжан

3.         Силичи, Беларусь

4.         Цахкадзор, Армения

5.         Чимган, Өзбекстан

6.         Каракол, Қырғызстан

7.         Логойск, Беларусь

8.         Туфандаг, Әзербайжан

9.         Алтай Альпы, Қазақстан

10.       Якутские горы, Беларусь.

Соңғы жаңалықтар