Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Шымбұлақ балалармен барып демалуға болатын тау курорттарының үздік үштігіне енді

2017 жылғы 14 наурыз 08:41 2134
Бөлісіңіз:
Шымбұлақ балалармен барып  демалуға болатын тау курорттарының үздік үштігіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - RoomGuru.ru қонақ үй іздеу қызметі көктемгі сноубордқа арналған және балалармен бірге демалуға болатын танымал тау курорттарының тізімін жасады.

Рейтинг 2017 жылдың 25-31 наурыз күндері балалармен тұруға арналған қонақ үйлерді брондау деректері бойынша құрылды.

ТурСтат агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2017 жылы балалармен саяхат жасау саны өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен.

Шымбұлақ көктемгі тау-шаңғы демалысы бойынша үшінші орынға табан тіреді.

Шерегеш (РФ Кемеров облысы), Ливиньо (Италия), Шымбұлақ  (Алматы, Қазақстан), Хибины (РФ Мурманск облысы) және Шахдаг (Гусар, Әзербайжан) көктемгі уақытта балалармен қыдыруға арналған танымал тау курорттарының алғашқы бестігіне кіреді.

RoomGuru.ru қызметінің хабарлауынша, Шымбұлақта туристер отбасылық демалыс үшін қонақ үй, тамақтану және ски-пассты қосқанда тәулігіне шамамен 150 доллар жұмсайды.

Балалармен баруға арналған шетелдік қалалардың үздік бестігіне Прага, Таллин, Минск, Будапешт және Барселона қалалары енген.

RoomGuru.ru -  HotelsCombined.com қызметінің ресейлік сайты, World Travel Awards сыйлығы соңғы төрт жылда үздік қонақ үй іздеуші деп таныған. 

 

 


Басты сөздер: Алматы, Туризм,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат