Шылым шегу спецификалық аурулар туғызады - маман
2022 жылғы 27 мамыр 14:55

Шылым шегу спецификалық аурулар туғызады - маман

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева темекіден қандай аурулар туындайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халқымызға, әсіресе жас буынға шылым шегудің зиянды әсері туралы көбірек білу керек. Дәстүрлі темекі өнімдері болсын, «қыздырылатын» темекі түрлері болсын, адам ағзасына тигізетін әсері бірдей – олар ауру туғызады», - деді Гүлнар Сәрсенбаева орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Маманның айтуына қарағанда, электронды шылым спецификалық сырқаттар туғызады.

«Вейп қолданған адамның ағзасында EVALI ауруы туындауы мүмкін. Яғни, қыздырылған сұйықтық бу болып өкпеге түседі де, ауаның қозғалысын шектейді. Өліммен аяқталатын аулардың негізгі тобы бар. Олар – жүрек-қантамыр, онкология, қант диабеті және тыныс алу органдарының ауруы. Жыл сайын осы ауруларды емдеуге 200 млрд теңге жұмсалады. Былтыр елімізде осындай дерек тіркелді», - деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Бұған дейін елімізде жалпы темекінің акцизі өсетіні хабарланған еді.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT