Шылым ХХІ ғасырда 1 миллиард адамның түбіне жетеді

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Жаһандық шылым эпидемиясы» атты баяндамасында шылымның 21 ғасырда 1 миллиард адамға қасірет әкелетіні туралы қорытынды жасаған. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, темекінің зардабынан жылына 6 миллион адам қаза табады.

Сондай-ақ, темекі өнімдерін пайдаланудан келетін экономикалық шығын жылына 500 миллиард долларды құрайды екен. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

Баяндама авторлары «егер адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес конвенциясына қосылатын болса, 1 миллиард адам өлімнен аман қалады» деп есептейді. «Шылым адамды ажалынан бұрын қабірге жеткізетінін білеміз. Десек те, бұл эпидемиямен күресетін тиімді жолдар бар», - делінген баяндамада. Ұйым сонымен қатар, темекімен күресудің бірнеше әдісін ұсынады. Атап айтсақ, мемлекеттерде темекі тұтынуды шектеудің ұлттық саясатын қалыптастыру, темекіден құтылғысы келетін жандарға қол ұшын беру, шылым жарнамасына және демеушілігіне тыйым салу, темекі өнімдеріне деген салықты арттыру.

Олардың ойынша, темекімен күрестің тиімді тәсілі қоғамдық және жұмыс орындарында шылым шегуге тыйым салу.

Соңғы жаңалықтар