Шығыстың үздік келіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Жыл сайын өтіп келе жатқан «Аяулы жас келін» байқауында биыл 17 үміткер бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орамал таққан бұрымдылар арасындағы сайыс биыл Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Екі кезеңдік байқауда жас келіндер әуелі аспаздық шеберліктерін паш етіп, шай демдеп жарысса, екінші кезеңде өнерін ортаға салды.

Қос сыннан да сүрінбей өткен семейлік келін Айдана Бауыржанова байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, күллі Шығыс жұртының «Аяулы жас келіні» атанды. Бас жүлдегерге теледидар табыс етілді. Ал екінші орын Абай ауданының келіні Мақпал Ебінге, үшінші орын Жарма ауданының өкілі Гүлмира Жусанбаеваға бұйырды.

Жеңімпаз атанған келіндермен қоса басқа да қатысушылар тұрмыстық техникаға ие болды.

Соңғы жаңалықтар