Шығыстан шыққан қаламгерлер күллі дүниені мойындатып отыр – ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыстан шыққан қаламгерлер күллі дүниені мойындатып отыр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азия әдебиетінің өрісі айтарлықтай кеңейіп келеді. Шығыстан шыққан қаламгерлер күллі дүниені мойындатып отыр. Бұл ретте Азия әдебиетін әлемге әйгілеп, дәріптей түсу - форумның тағы да бір маңызды міндеті деп санаймын. Шығыс даналарының дәстүр сабақтастығы сіздердің туындыларыңыз арқылы жалғасын табады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті жаһандану дәуірінде Азия сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзіне тән бірегей ерекшеліктерін сақтап келе жатқанын айтты.
«Батыс технологиясы Азия руханиятымен үндесіп, шығыстық жаңғыру үрдісін дүниеге әкелді. Қалаларда шығыс әлемінің болмыс-бітімін насихаттайтын креативтік класс пайда болды. Рухани байланыстарды кеңейту жаңа замандағы Азия халықтарының біртұтастығының кепілі. Біз бұл үрдісті қолдап, әлем халықтарының ынтымақ-бірлігін нығайтуға үлес қосуға тиіспіз», - деді Қ.Тоқаев.
- Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді
- Қазақстан мен Түркия кәсіподақтары ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасты
- Елорда көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының алғашқы күніне бейнешолу
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Украинамен бізді дәстүрлі достық пен ынтымақтастық байланыстырады
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам