Шығыстағы құтқарушылары биыл 134 қарт пен мүгедекке көмекке келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары биыл 130-дан астам қарт және мүгедек адамға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар биылғы атқарылған жұмысты қорытындылады.

Жыл басынан бері олар жабылып қалған 772 есікті ашып, үйде қамалған және басқа да қиын жағдайға тап болған 170 балаға көмектесті.

«Сондай-ақ департамент мамандары 134 қарт және мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет кезде қолұшын созды. Адамдардан бөлек жануарларға да көмек көрсетілген. 12 ірі қара, 46 ит пен 26 мысықты құтқарып, 33 қауіпті ара ұясын жойды. Жыл бойы ТЖД қызметкерлері сиырлар мен жылқыларды шұңқырлар мен арықтардан шығарып, апта сайын биік ағашқа шыққан мысықтарды түсірумен айналысты. Ал иттер құдықтан, үйлердің қабырғалары арасында шығарылды», - делінген ақпаратта.

Жаз бойы құтқарушылар тұрғындар шағымы бойынша ара ұяларын жоюмен айналысты.


Соңғы жаңалықтар