Шығыста арыстықтарға көмек жинайтын штаб құрылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында да Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсететін арнайы жұмыс штабы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штабты облыс əкімі Даниал Ахметов басқарады. Бұл туралы аймақ басшысы арнайы брифингте айтты.

Мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысқан брифинг барысында Даниал Ахметов облыс жұртшылығына үндеу тастады.

«Бұл - тек арыстықтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының басына түскен ауыр сынақ. Осындай сын сағатында ауызбіршілік танытып, отандастарымызға көмек қолын созу азаматтық парызымыз болып табылады. Сол себепті, бүгінгі жиынға мемлекеттік қызметшілермен қатар, бизнес өкілдері мен журналистерді де шақырдым. Жерлестеріміз арыстықтардың қайғысына бейжай қарамайды деп сенемін. Кәсіпорын басшылары өз ұжымдарымен кездесіп, әріптестерін қиын жағдайға душар болған ағайынға жәрдемдесуге шақыруы тиіс. Тек мәжбүрлеу дегеннен аулақ болыңыздар. Барлық жұмыс ерікті түрде жүргізілуі керек. Қазір апаттан зардап шеккен отбасылардың балаларын Шығыс Қазақстандағы лагерлерде демалту мәселесін қарастырып жатырмыз- деген облыс әкімі, Арыс қаласының басқа да тұрғындары назардан тыс қалмайтынын мәлім етті.

Даниал Ахметов Түркістан облысының халқына материалдық және гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жүйелі әрі жариялы түрде жүргізулі керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар