+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Шығысқазақстандықтар «Маска тағыңыз» акциясын бастады

2020 жылғы 26 қазан 22:12
Бөлісіңіз:
Шығысқазақстандықтар  «Маска тағыңыз» акциясын бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары коронавирус жұқтырғандар санының көбейіп келе жатқанына байланысты халықты маска киюге шақыратын челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Челленджге қатысуға ниет білдіргендер әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында Stories салып немесе өз өмірінен мысалдар келтіріп, хештегпен пост жазуда. Әрбір жарияланған жазба - жеке адамның тарихы.

Біреу өз тәжірибесін бөліссе, енді бірі көрген және естіген оқиғаларын айтады. Көбінің тәуекел тобына жататын егде жастағы ата-анасы, кішкентай балалары бар.

«Үйден шықпас бұрын міндетті түрде өзіме және балама маска тағамын. Күз кезінде адамдар ауруға жиі шалдығады. Егер әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, бұл індетті оңай еңсереміз. Достарым мен таныстарым мұның қаншалықты маңызды екенін көріп, ойлансын деген ниетпен челленджді қолдаймын. Маска киіңіз! Қолыңызды жиі жуыңыз! Антисептик қолданыңыз!» - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Елена.

Коронавирус инфекциясының екінші толқыны бүгінде көптеген елдерде басталып та кетті. Мысалы, көршілес Ресейде ауырғандардың саны қазірдің өзінде қайтадан жүздеген мыңға жетіп отыр.

Аймақ билігі ауруханалардағы орын жетіспеушілігінің туындауына жол бермеу, барлық қажетті зерттеулерді уақтылы жүргізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Алайда, өз денсаулығымыз үшін жауапкершілік әрқайсымыздың өз мойнымызда екенін ұмытпағанымыз жөн.

«Мұны челлендж қатысушылары да жақсы түсініп, қолдап отыр. Санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска кию - бұл коронавирус инфекциясымен қатар маусымдық тұмаудың да алдын-алудың ең тиімді тәсілі. Белсенді шығысқазақстандықтар маска киіп, жақындарыңызға қамқорлық жасауға шақырады», - делінген ШҚО ақпарат орталығының мәліметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT