Шығысқазақстандық маман ТЖМ-ның 2021 жылғы үздік дәрігері атанды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығысқазақстандық Андрей Злобин ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы үздік дәрігері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі медицина қызметкерлерінің байқауын ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен байқауда комиссия мүшелері қатысушыларға зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге қатысты сұрақтар қойды. Оның ішінде «Жәбірленушінің шок жағдайының алғашқы белгілері қандай?», «Гипогликемия кезінде зардап шеккен адамға қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керек?» сынды сауалдар болған.

«Шығыс Қазақстан облысынан байқауға апаттар медицинасы орталығы филиалының жан сақтау және анестезиология тобының жетекшісі Андрей Злобин, медбике Назигүл Жадықбаева және Өскемен қаласының мамандандырылған «ӨсжАҚЖҚ» жасағының дәрігері Ержанбек Сайланбек қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ 2021 жылдың үздік дәрігері болып Андрей Злобин танылды», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Андрей медицина саласында 10 жылдан астам уақыт бойы тер төгіп келеді. Ал соңғы 3 жыл апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар