Шығысқазақстандық 27 дәрігер шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырып жүр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының 27 дәрігері шетелдік клиникаларда біліктілік арттыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелерге 72 жас маман жұмысқа келді.

Оның ішінде 23 резидент, 43 жалпы тәжірибедегі дәрігер, үш қоғамдық денсаулық сақтау маманы және үш тіс дәрігері.

«Ауылдағы ауруханарларға жұмысқа орналасқандарға 100 АЕК көлемінде көтермеақы, 1500 АЕК көлемінде жеңілдетілген несие қарастырылған. Бүгінде бес медицина қызметкеріне қызметтік пәтер берілді, ал 20 маман «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында баспана алды», - делінген ақпаратта.

Алдағы уақытта да аймақтағы дәрігер тапшылығы мәселесі күн тәртібінен түспейді.

«Биыл 34 маманды резидентурада оқытуға жергілікті бюджеттен 27,9 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар қазіргі уақытта облысымыздың 27 дәрігері Израиль, Латвия, Германия және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында біліктілік арттырып жатыр», - делігген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар