Шығыс Қазақстанның таулы жерлерінде қар әлі көп

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бүгін бірнеше рет жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыстың таулы аймақтарында қар әлі де көп. Кей жерлерде қар қалыңдығы 40-тан 60 см-ге дейін жетеді.

«Соған орай қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Катонқарағай ауданындағы «Берел-Рахман қайнарлары» тасжолының 432-438 шақырымында жасанды жолмен 890 шаршы метр, Алтай ауданындағы «Алтай-Богатырево» тасжолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, тауға шықпау қажеттігін ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да 11 сәуірге дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар