Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына әкім болып Серікқазы Сәдуақасов тағайындалды. Ол осыған дейін Тарбағатай ауданын басқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серікқазы Сәдуақасов 1961 жылы 26 мамырда бұрынғы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының Тесіпақан ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады.

1986 жылы «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының бас мал дәрігері, 1992-1994 жылдары Үржар ауданының ауылшаруашылық басқармасының бас мал дәрігері, кейін «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы, «Жаңа-тілек» ЖШС-нің басшылық етті.

1997-2012 жылдар аралығында аудандық ветеринариялық станциясының бас мал дәрігері, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, 2014-2019 жылдары аралығында Үржар ауданы әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар