+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылғы 18 қыркүйек 16:32
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі қызметіне Тамара Рахымжанова тағайындалды. Ол бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды Елорданың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Тамара Рахымжанова 1978 жылы 23 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001-2004 жылдары «ВНИИцветмет» кәсіпорнында өндіріс орындарын тазалаушы болып бастады.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушановское ауылындағы орта мектепте есепші болып жұмыс істеді.

2007 жылы «Өскемен-тәртіп» ЖШС-да бөлім маманы, 2007-2013 жылдары бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың қарашасына дейін аталған ЖШС-да директор болып еңбек етті.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT