Шығыс Қазақстанның екі ауылында әкімдер сайлауы өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 14 тамызда Зайсан ауданының Дайыр және Біржан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, Дайыр ауылдық округі бойынша сайлауға 981 тұрғын қатысқан. Оның қорытындысы бойынша аталған елді мекеннің әкімі болып Тойбазаров Асқар Тұрсынғалиұлы сайланды.

Асқар Тойбазаров 1981 жылы туған. Ол бұған дейін Дайыр ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі қызметін атқарған. Сайлауға «АMANAT» саяси партиясының атынан ұсынылған.

Ал, Біржан ауылындағы сайлауға 316 азамат қатысқан. Оның нәтижесі бойынша округ әкімі болып Мырамытов Мереке Есенұлы сайланды.

Мереке Мырамытов 1989 жылы туған. Бұл уақытқа дейін Зайсан ауданы әкімінің көмекшісі лауазымында еңбек еткен. Сайлауға «АMANAT» саяси партиясының атынан ұсынылған.

Зайсан аудандық сайлау комиссиясының дерегіне сай, екі әкім бүгіннен бастап қызметіне кірсті.


Соңғы жаңалықтар