Шығыс Қазақстанның бірқатар аудандарында қар жауды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы бірқатар аудандарда қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде мамырдағы қардың суреттерімен бөлісуде. Риддер, Зырянов, Қатонқарағай, сондай-ақ Ұлан аудандарында қар жауды.

Ауа температурасы барлық өңірлерде төмендер, солтүстік және солтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауды.

Синоптиктер алдағы екі күнде облыс орталығында күн жылынбайды деп болжауда.
null 

«Қазгидромет» РМК ақпаратына қарағанда, 15 мамырда күндіз плюс 15 - 17 градус, түнде тағы жауын-шашын болады. Сәрсенбі күні, 16 мамырда түнде ауа температурасы жоғары болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар