Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

None
None
АЛТАЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тәуелсіздік күніне орай көпбалалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды.

Ауданда 8 отбасы жаңа үйге көшіп кірді. Аудан әкімі К.Байгонусов барлығына кілт тапсырып, осы атаулы күнмен құттықтады.

«Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтардың барлық санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылады. Елбасы Н.Назарбаев және ел Президенті Қ.Тоқаев тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгін осындай тамаша мереке күні біз жаңа баспананы пайдалануға беріп отырмыз», - дейді К.Байгонусов.

«Қуанышымызда шек жоқ. Өз үйіміздің болуы - үлкен арман еді. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе берсін! Ол - ең алдымен Елбасымыз Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы, осының барлығына мемлекеттің мүмкіндігі болды, бізге баспана алуға көмектесті. Ел Президенті Қ. Тоқаевқа, облыс әкімі Д. Ахметовке және аудан әкімі Қ. Байгонусовқа үлкен рахмет»,- дейді қоныс тойын тойлаушылар.

Барлық үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Аудан кәсіпкерлері үйлерді жеке қаражатына салады. Дайын баспананы мемлекет сатып алады.

Келесі жылы ауданда тағы 20 үй тұрғызу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар