+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы жеткізілді

2021 жылғы 16 қыркүйек 11:14
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы емханаларға қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 2 531 адамға Pfizer вакцинасы егілді Өскемендік мұғалімдер мен ата-аналар Pfizer вакцинасы жайлы пікірлерімен бөлісті Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны осы жылдың мамыр айында төтенше жағдайда қолданылатын екпелер тізіміне енгізген.

Екі компонентті вакцинаның тиімділігі - 79 пайыз.

«Клиникалық зерттеулер елеулі жанама әсерлер көрсеткен жоқ. Онда да COVID-19 екпелеріне тән стандартты реакциялар бар, атап айтқанда инъекция орнындағы ауырсыну, тұмау және әлсіздік», - делінген хабарламада.

Sinopharm компаниясының вакцинасы қазақстандықтарға қолжетімді. Бұл - елімізде тіркелген алтыншы вакцина.

Бүгінде Шығыс Қазақстанға Vero Cell препаратының 298 мың дозасы жеткізілген.

«Вакцина облыстың барлық емханаларына келіп түсті. Оның ішінде Өскеменге 50 мың доза жеткізілді. Жалпы, облыста қазіргі таңда вакцинаның үш түрі бар, олар – «Спутник V», QazVac, Sinopharm», - делінген мәліметте.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT