Шығыс Қазақстанға 354,3 мың тонна көмір жеткізілді
2022 жылғы 11 тамыз 21:31

Шығыс Қазақстанға 354,3 мың тонна көмір жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін 354,3 мың тонна көмір жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, өңірде жылу маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелері 100 пайызға, ал денсаулық сақтау нысандары 98 пайызға дайын.

«Қала және аудан әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде ірі қазандықтар мен жылу электр станцияларының дайындығы – 61%, шағын қазандықтардың дайындығы – 81%. Сондай-ақ, 968 шақырым жылу желілері қысқа дайындалған», - делінген ақпаратта.

Осы ретте көмір мәселесі өте өзекті. Шығыс Қазақстан халқына 354,3 мың тонна көмір жеткізілген. Тұрғындарға күз кезінде дүрбелеңге түспес үшін көмірді қазірден бастап алуға кеңес берілді.

«Қазір теміржол тұйықтарында 13,7 мың тонна көмір бар. Оның ішінде Өскемен қаласында – 5,5 мың тонна, Риддер қаласында – 4,8 мың тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Алтай ауданында – 2,6 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 210 тонна. Бюджеттік ұйымдар 39,6 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген», - делінген мәліметте.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT