Шығыс Қазақстанға апта сайын 400 тонна қант жеткізілуде

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына апта сайын 400 тонна қант жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертіс» ӘКК ұлттық компаниясының мәліметіне сүйенсек, өңірге 56 вагон, яғни 3797 тонна қант жеткізуге келісім-шарт жасалған. Қант қазақстандық Тараз және Көксу зауыттарынан жеткізіледі.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 1900 тонна қант, оның ішінде Өскеменге 1100 тонна қант келіп түсті. Бұл қанттың барлығы халыққа бірден сатылып кеткен. Алдағы уақытта да қант жеткізу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасатын болады. Жағдай тұрақты бақылауымызда», - дейді компанияның мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Артем Демидов.

Оның айтуынша, тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстанға келетін қант көлемі аптасына 400 тоннаға дейін арттырылған.


Соңғы жаңалықтар