Шығыс Қазақстанға алдағы жылыту маусымында 4 млн тоннадан астам көмір қажет

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына алдағы жылыту маусымында 4 271 мың тонна көмір қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте, өткен жылдағыдай көмір жеткізуде олқылықтар болмас үшін Энергетика және ТҮКШ басқармасына «ҚТЖ» ҰК және «Қаражыра» АҚ-мен бірлесіп, әр ай бойынша тиеу кестесін нақты деректермен әзірлеу керек. Алдағы жылыту маусымына бізге 4 271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға артық», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, 10 жылу электр орталығы, 4 ГЭС, 520 қазандық, барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылыту кезеңіне дайын болуы тиіс.

«Ал қиындықтар туындаған Риддер жылу электр орталығына қатысты айтар болсақ, жақын күндері оған бейінді министрліктен комиссия келеді. Орталық басшылығы жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңге қажет екендігін айтты. Бірақ мұндай шығындардың құжаттық негіздемесін әлі ұсынған жоқ», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен тұрғынының үйінен 4 тапанша мен 150 оқ табылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар