Шығыс Қазақстандағы түрмелерде бақылау күшейтілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ҚР Президентінің Төтенше жағдай жариялау жайлы Жарлығына сәйкес өңірдегі түрмелерде бақылау күшейтілген.

«Облыс бойынша барлығы 10 түзету мекемесі бар. Колониялардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізілуде. Бүгінде түрмелердегі департамент қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет етуде. Колонияларда және барлық пробация қызметтерінде жағдай тұрақты. Заңға қайшы ешқандай әрекет тіркелген жоқ», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласындағы ШҚО әкімдігі алдында көлік қатынасына қайта рұқсат берілгендігі хабарланған.


Соңғы жаңалықтар